Атырау, 28 қараша 08:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құс өнімдері саудадан алынды

4 557 просмотра

Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті қаладағы «Идеал Маркет» ЖШС және «Рамстор Қазақстан» ЖШС АФ супермаркеттерінде сатылатын құс еті өнімдерін зертханалық сараптамадан өткізді.  

Сараптама қорытындысы бойынша құс өнімдерінің «Идеал Сары арқа», «Идеал Каспий», «Идеал қойма» және «Рамстор» супермаркеттерінен алынған бес үлгісінің Кеден одағының 022  («Тағам өнімінің затбелгі бөлігі») техникалық регламентіне сәйкес емес екендігі анықталды.

Ресей Федерациясының «Майкопский Құс комбинаты» ЖАҚ өндірісіне тиесілі «Благояр» құс еті, қанаты, төсі және «Уралбройлер» ЖАҚ өндірісіне тиесілі құстың тартылған еті, сондай-ақ, «Даль-Кама» ААҚ өндірісіне тиесілі «Никора» бройлер балапаны өнімдерінің қаптамаларында мемлекеттік тілдегі аудармасы жоқ. Одан бөлек, кедендік арақатынастағы тауар айналысының бірыңғай белгісі (ЕАС) болмаған.

Басшыларға сәйкессіздік анықталған өнімдерді сауда айналымынан шығару жөнінде санитарлық нұсқама беріліп, бүгінгі күні 3500 кг көлеміндегі сол өнімдер саудадан алынып тасталды. 

Айнұр САПАРОВА 

2 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.