Атырау, 6 мамыр 22:45
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Балқадиша» Сан-Ремода шырқалды

3 148 просмотра

Итальяндық әнші Тони ТУРИ Сан-Ремодағы фестивальде қазақтың Ақан Серісінің «Балқадиша» әнін орындады.

«Аджип» компаниясының бұрынғы қызметкері Тони Тури Атыраудағы неаполитандық әндер елшісі» ) мұнайшы мамандығын әртістікке ауыстыруды шешіп, өзінің әншілік жолын бізде, Атырауда бастады. Ал, халықаралық сахнаға өзіне қатты ұнаған қазақтың «Балқадиша» әнімен шықты. Атап айтсақ, жақында әлемге танымал Сан-Ремо-док фестивалінің іріктеу турында осы әнді шырқады. Ол алға қарай да қазақтың халық әндерін Еуропаға насихаттауды жалғастырмақшы.

Осы «Балқадиша» әнімен байланысты тағы бір қызықты жайт бар. Гамбиядағы Кафута ауылының тұрғындары осы әдемі әнді интернеттен тыңдағаннан кейін өз футбол командасын «Балқадиша» Тони Тури» деп ауыстырған екен.

Енді Тонидің арқасында біздің «Балқадишамызды» Африкада да айтады.

Жақын арада Тони итальяндық тенор Гуэрино Папамен бірге Мадридте жыл сайын өтетін музыкалық фестивальде өнер көрсетуді жоспарлап отыр және сол жерде өзінің «Балқадиша» альбомын елге таныстырмақ.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА 

 

2 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.