Атырау облысының командасы қаламызда өткен гуманитарлық ғылымдар жөніндегі республикалық пәндік олимпиадада төрт өңірдің делегацияларымен қатар жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.
Олимпиадаға 531 оқушы қатысты, оның 43-і - бірінші, 87-сі – екінші, 134-і – үшінші орын алды. Жеңімпаздардың барлығы енді өз мамандықтары бойынша еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарына грант алуға үміткер болып табылады.
Біздің облыстың намысын облыстық кезеңнің 42 жеңімпазы қорғады. 17 мектеп оқушысы ІІ және ІІІ дәрежелі дипломанттар атанды. Бізге Айша АБИЛОВА, Елена ПОЛУФУНТИКОВА, Ай-нагүл ТОҒАЙБАЕВА, Сағида ЖОЛДАСҚАЛИЕВА, Дариға АҚБОЛАТОВА, Аружан БАЛТАШЕВА, Гүлсезім ЖЕТЕКОВА, Ләззат БАҒЫТОВА, Лиза САФРОНОВА, Данагүл ҚАБДОЛХАМИТОВА, Алина ҚҰСАЙЫНОВА, Жеңіс ЖАНҒА-ЛИЕВ, Таңсұлу ТҰРДАЛИЕВА, Бекзада ТӘЖІБАЕВА, Нұргүл МҰХАМБЕТЖАНОВА, Мөлдір САМАТОВА, Жанна ТЕМІРТАС жеңіс әкелді.
№1 интернаттың тәрбиелену-шісі Лиза Сафронованы ерекше атап өткім келеді. Ол өзінің қазақ тілін жетік меңгергенін олимпиадада тағы бір дәлелдеп берді. Гүлназ СЕРІКҚАЛИЕВА, Батыр МЕНКЕНЖАНОВ пенЖанна Теміртас Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, ал Нұрия ҚАБДЫҒАЛИЕВА – Халық-аралық ақпараттық технология университетінің білім алу грантын иеленді.
Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының командалары үздік деп танылды. Олар «Үздік олимпиада командасы-2015» номинациясына ие болды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА