28 наурызда облыстық«Бейбарыс» хоккей командасы плей-оффтың жартылай финалдық сериясының бесінші матчында Көкшетаудың«Арлан» командасынан ұтылып, чемпиондық жолдағы күрестен шығып қалды.
Серия бір команданың төрт жеңісіне дейін созылады. Осы матчқа дейін серияның жалпы есебі 1:3 есебімен көкшетаулықтардың пайдасында еді. «Бейбарыстың» жеңілуге құқығы жоқ болатын, финалға жету үшін үш матч қатарынан жеңуі керек еді. Өкінішке орай, жартылай финалдың бесінші ойыны біздікілер үшін соңғы болды.
Ойынды «мәмлүктер» жақсы бастаған. Алғашқы бес минута олар екі гол соқты - Матис Краль мен Евгений Жданов көзге түсті. Алайда әрі қарай бұл есепті сақтап қала алмай, 2:4 есебімен ұтылып қалды.
«Бейбарыс» енді қола медаль үшін рудныйдың «Горнягымен» ойнайды. Ал «арландар» павлодарлық «Ертіспен» «алтынды» сарапқа салады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ