Суретте Балықшыдағы Құнанбаев көшесі бойындағы №15 «а» үйдің бірінші подъезі бейнеленген. Мүжіліп, тозығы жеткен темір-бетонды күнқағардың тұрғындардың басына түсіп кету қаупі төніп тұр.
Тұрғындардың айтуынша, өткен жылы терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілген. Мердігер шатырға, балкондарға, жертөле тұрбаларына жөндеу жасаған, ал, апатты күнқағарға ешкім назар аудармапты. Дегенмен, оны үйге қызмет көрсететін ПИК қазір де ауыстыра алады. Бірнеше жыл бұрын Авангардта ПИК-тердің бірі үйлердің біріндегі тозығы жеткен алты бірдей темір-бетонды күнқағарды металл түріне өздері ауыстырған еді. Және бұл қымбатқа түспеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор