Атырау, 7 мамыр 00:32
 ашықВ Атырау +19
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ізгі істер эстафетасы

2 662 просмотра

28 наурызда Қазақстан халықтарыассамблеясы (әрі қарай - ҚХА) ұйымдастырған ізгі істер эстафетасы аясында Атырауға Тайқазанның шағын көшірмесі әкелінді.

«ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы Астанада басталды. Шараны ұйымдастырушылардың идеясы бойынша, Тайқазан – ҚХА мүшелері жүргізіп жатқан бірқатар қайырымдылық жобаларының символы. Оны өз қаласында күтіп алған ҚХА-ның жергілікті өкілдері қазанға 20 әлеуметтік маңызы бар іс-шара жазылған қағаз орамасын салды. Эстафетаның мақсаты – халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, интернаттар мен балалар үйі шәкірттеріне, көпбалалы отбасылар мен тұрмысы нашар, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсету.

Атырауға Тайқазанды Ақтаудан алып келді. Эстафетаға арналған атыраулық қағаз орамаларында мүгедектерге арналған би мектебін ашу, мүгедек балалар мен аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық акциялары, зейнеткерлерге сауықтыру жолдамаларын беру, мүгедектерге, тұрмысы нашар адамдарға азық-түлікпен көмектесу, жетім балалар мен жалғызбасты қарияларға арналған қайырымдылық акциялары жазылған. Атырау облысында бойынша ҚХА деректері бойынша, ақшалай есептегенде 7 млн теңге жуық қаржыға көмек көрсетілген.

Эстафета символы Атыраудан Оралға бет алды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

2 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.