Атырау, 25 қараша 15:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлыбритания 6 сәуірден бастап виза бағасын көтереді

2 147 просмотра

Ұлыбритания 6 сәуірден бастап визаны рәсімдеу үшін жиналатын алым мөлшерін ұлғайтуды жоспарлап отыр, дегенмен алаңдауға еш негіз жоқ. Кәдімгі туристік визаның құны болмашы шамаға өспек, деп хабарлайды елдің ішкі істер министрлігі.

6 ай мерзімге жарамды туристік виза 2 фунт стерлингке, яғни 85 фунт стерлингке дейін қымбаттайды, екі жылға арналған туристік визаның құны 24 фунтке, 324 фунтке дейін көтеріледі.

Ал академиялық визаның бағасы бірден екі есеге шарықтамақ: алты айға жарамды виза бұған дейін 83 фунт тұрса, енді оны 162 фунт стерлингке сатып аласыз.

Сондай-ақ осы кезге дейін тегін болып келген қысқа мерзімді оқу визасы үшін 85 фунт стерлинг төлейсіз, деп жазады Ruconnect.co.uk.

Шетелдік бизнес өкілдері мен журналистердің визасы бұрынғыдан сәл қымбат тұрады: 514 фунттен 535 фунт стерлингке дейін көтеріледі.

Қазір фунт стерлингтің теңгеге шаққандағы бағамы 274,06 теңгені құрайды.

Дереккөз: bnews.kz 

1 сәуір 2015, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.