Атырау, 5 қазан 12:30
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бұзақылар қолға түсті

2 031 просмотра

30 наурызға қараған түні ҚІІБ қызметкерлері бір топ тонаушыны қылмыс үстінде ұстады.  

Таңғы сағат 5-те жол-патрульдік қызмет экипажы Сланов көшесі бойындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің алдында тұрған «Шкода-Рапид» автокөлігін тексерді. Полиция қызметкерлері бір шикіліктің бар екенін бірден аңғарды: дүкен терезесіндегі темір тор сынып жатқан еді. Көлікте отырған 21-24 жас аралындығы төрт жас жігіт ұсталды. Автомобиль салонынан бетперде, төрт жұп қолғап, пневматикалық тапанша мен оқ табылды.

Сәл кейін сол түнде осы төрт адам Белинский көшесі бойындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің ғимаратына терезе арқылы кіргені анықталды. Алайда бір нәрседен қорықты ма, қолдарына іліккен бірінші бандерольді ғана алып кетіпті.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 сәуір 2015, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.