Атырау, 5 қазан 12:31
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қызылордадан келген анаша

2 852 просмотра

28 наурызда Атырауда есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері қара сора жүгін ұстады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел уәкілдер қала көшелерінің бірінде «Лада-Гранта» автокөлігінің Қызылорда қаласының тұратын жүргізушісін және көлік ішінде отырған 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру кезінде көлік жүксалғышынан 3,6 келі қара сора табылды.

Осы оқиғандан бір күн бұрын күдікті 28 жастағы қала тұрғыны ұсталып, қалтасынан газетке оралған 8 грамм сора табылды. Екі жағдайда да ұсталғандар уақытша қамау оқшаулағышына тоғытылды. Тергеу жүріп жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 наурыз 2015, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.