Канаданың Галифакс қаласындағы әуе компаниясына тиесілі Airbus А320 жолаушылар ұшағы кенеттен қону жолағынан шығып кетіп, 25 адам түрлі жарақат алды, деп жазады khabar.kz.
Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Торонто қаласынан шыққан ұшаққа да зақым келген. Әуе кемесінің бортында 137 адам болған.
Құтқарушылар барлық жолаушыларды эвакуациялады. Оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиға кезінде қалың қар жауып тұрды. Қазір болған жайттың анық-қанығы анықталуда.
Оқиға салдарынан бірнеше рейс кейінге шегерілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат