Фотосурет: headline.kz
Атырау облыстық ТЖ департаменті 31 наурызда дауылдық ескерту болады деп хабарлама таратты.
Бұл күні топырақты дауыл болады деп күтілуде, секундына 17-22 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан ұйтқып жел соғады. Атырау қаласында желдің күші секундына 15-20 метрді құрайды, - делінген хабарламада.
Облыста оңтүстік-батыстан соққан күшті жел 28 наурызға қараған түні басталған болатын. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 29 наурызда Ганюшкин селосында жел аудандық қазынашылық бөлімінің екі қабатты ғимаратының жарты шатырын жұлып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
30 наурыз 2015, 23:22