Атырау, 5 қазан 10:30
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

АҚШ әскери ұшақтары жаңылысып, өз одақтасына әуеден оқ жаудырды

2 212 просмотра
АҚШ Әскери әуе күштерінің ұшақтары қателесіп, Ирак үкіметінің әскеріне әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды Bnews.kz.

ИСИМ лаңкестеріне қарсы соғыста Ирак үкіметімен бірлесіп күресіп жатқан АҚШ ӘӘК ұшақтары елдің солтүстігіндегі Тикрит қаласында орналасқан одақтастарын жаңылысып, әуеден атқылаған. Шабуыл кезінде бірнеше адам жараланған.

Ирак әскері Тикритті үкіметке қайтару операциясын өткен айда бастады. ИСИМ содырлары бейбіт халық шоғырланған орталыққа жайғасқандықтан, 17 наурызда әскери іс-қимылды уақытша тоқтатуға тура келген.

Айта кету керек, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы 2014 жылдың жазында Сирия мен Ирактың бірнеше қаласын басып алды. Тамыз айында АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирак әскеріне қолдау көрсетіп, ИСИМ лаңкестерімен күресуді бастады.

Дереккөз: bnews.kz

30 наурыз 2015, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.