Атырау, 5 қазан 10:23
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жезөкшелерге рейд жасалды

2 485 просмотра

26 және 28 наурыз аралығында өткен «STOP-трафик» шұғыл-алдын алу іс-шаралары барысында Атырауда 19 жезөкше есепке алынды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, барлық ұсталған қыздар еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген екен.

26 наурызда полиция қызметкерлері қыздарға жезөкшелікпен айналысуға өз пәтерін берген Махамбет көшесіндегі үйдің 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚтК-ның 450-бабы («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлықүшін үй-жайлар ұсыну») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

28 наурызда ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес бөлімі қызметкерлері қала сауналарының жұмысшысы, Өзбекстанның 26 жастағы азаматын қылмыс үстінде ұстады. Ол клиенттердің тапсырысы бойынша қыздарды моншаға шақырып, өз қызметі үшін 2 мың теңге алған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-тармағы («Пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 наурыз 2015, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.