Екі әуе кәсіпорны енгізіп үлгірген жаңа ережеге сәйкес ұшақ кабинасында екі ұшқыш отыруы тиіс. Қазір Norwegian Air Shuttle және британиялық Easyjet компаниялары осы қағида бойынша жұмыс істеуде.
Жолаушыларды тасымалдаудың бұл жаңа ережесі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іске асырылды. Airbus A320 ұшағы Францияда құлағаннан кейін апаттың жәй-жапсары жария етілді. Ол бойынша лайнердің ұшқышы жылдамдықты қасақана төмендетіп, соның салдарынан ұшақ тауға барып соғылған. Ал дәл осыған дейін бұл пилот салонға қарай шығып кеткен экипаждас әріптесін ішке кіргізбей кабинаның есігін жауып алған. Сыртта қалған екінші ұшқыш кабина есігін сындырып кірмек болған. Germanwings компаниясының басшылығы өз қызметкерінің неліктен бұлай жасағанын түсіндіре алмай, әлек болуда. Себебі прокуратура онымен лаңкестік ұйымдар арасынан ешбір байланыс тапқан жоқ. 24 наурызда Испаниядан Германияға бет алып, Альпі тауларына құлаған ұшақтың бортында болған барлық 150 адам қаза тапты.
Дереккөз: 24.kz