Apple компаниясының басшысы Тим Кук өз қаражатының басым бөлігін қайырымдылыққа бағыттамақ, деп жазды Fortune.
«Кук өзінің 10 жастағы жиенін жоғары біліммен қамтамасыз еткен соң өз қаражатын қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр. Қаржысының бір бөлігін өзінің жобаларын жүзеге асыруға қалдырады», - деп жазады басылым.
Fortune атап өткендей, Куктың дәулеті шамамен $120 млн. бағаланды. Сонымен қатар, ол Apple-дегі өз үлесін сатса, оның байлығы $665 млн. арта түседі.
Дереккөз: ҚазАқпарат