26 наурызда Атырауға ішкі істер министрінің орынбасары Владимир БОЖКО келді. Ол Атырау облыстық ТЖ департаментінің ұжымына жаңа басшыны – бұрын Қызылорда облыстық ТЖ департаментіне басшылық еткен Сағынбек ӨМІРЗАҚОВТЫ таныстырды.
ТЖД бұрынғы басшысы Болатбек Омаров өткен жылдың қараша айында өз еркімен жұмыстан кеткен еді.
С. Өмірзақов 50 жаста, Атырау тумасы, ауыл шаруашылығы техникумы мен ҚР ТЖМ Көкшетау институтын тәмамдаған. Балықшы поселкесіндегі №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы және Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары болып қызметтер атқарған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ