Фото: haberler.comАСТАНА, 26 нау - Қазақстан жаңалықтары АА. Ыстамбұлдағы Adımlar журналының редакциясында жарылыс болып, басылымның бір қызметкері қаза тапты, тағы үш адам жараланды, деп хабарлайды РИА Новости.
Құқық орағау органдары редакцияда бомбы жарылды деген болжам жасауда, өйткені газ жарылды деген болжам жоққа шығарылған. Қазір полицейлер оқиға болған жерді қоршауға алып, тексеру жұмыстарын бастады. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Adımlar журналы «Ұлы Шығысты жаулап алушылар майданы» түрік радикалды ұйымымен байланысы бар.
Дереккөз: newskaz.kz