Атырау, 25 қараша 13:57
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сауд Арабиясы Йеменде әскери операцияларды бастады

2 462 просмотра

Адель бин Ахмед аль-Джубейр. Фото: AFPАдель бин Ахмед аль-Джубейр. Фото: AFPАлматы. 26 наурыз. ҚазТАГ – Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағындағы оның одақтастары Йеменде әскери операцияларды бастады.

Йеменде шейіттік хусит-көтерілісшілерінің шабуылы жалғасуда, деп хабарлады ВВС орыс қызметі сауд елшісі Адель аль-Джубейрге сілтемелеп. Хабарда айтылғандай, коалиция «президент Хадидің Йемен мен оның халқын хусидтік көтерілісшілердің озбырлығынан құтқару керек деген үндеуіне жауап беру керек деп шешті». Бұл туралы Сауд Арабияс ының, Біріккен Араб Әмірлігінің, Кувейт, Бахрейн мен Катар үндеулерінде айтылады.

Сауд Арабиясы елшісінің айтуынша, одақтастар әуеден шабуыл жасайды. Ол сондай-ақ коалиция он мемлекетті біріктіретінін айтады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, хуситтер оңтүстіктегі Аден қаласын басып алуға жақын. Онда қазір ел астанасын тастап, президент Абд-Раббу Мансур Хади тығылып жатқан. 

Дереккөз: ҚазТАГ

26 наурыз 2015, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.