Атырау, 28 қараша 08:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Күн энергиясы пайдаланылады

5 093 просмотра

Құлсары қаласында күн электрстанциясын салу жоспарланып отыр. Жоба бастамашысы - жергілікті кәсіпкер Асқар СЕКЕРБАЕВ (суретте)  құрылыстың осы жылдың күзінде басталатынын айтады. Жоба инвесторлары да табылған. 

- Күн электр станциясын салуға президенттің халыққа жолдауы ықпал болды, - дейді А. Секербаев. – Ол онда электр энергиясының тапшылығы жөнінде айтты. Шынымен де, тұрғындар саны өскесін олардың электр энергиясын тұтынуы артады. Мұнай қорының да түбінде бір сарқылатыны белгілі. Сонда күн, гидро- және жел қуатына ғана үміт артамыз.      

Өткен жылы кәсіпкер А.Секербаев «Экопротек-Құлсары» компаниясын құрды. Жобасын Су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсынды. Министрлік жобаны мақұлдады. Қаланың шет жағынан 20 гектар жер телімі де бөлінген.

- Станцияның қуаты 10 кВт-ты құрайды. Бұл, шамамен алғанда, бір мың тұрғынның қажеттілігіне жарайды. Салыстыру үшін айтсам, мұндай станция елімізде әзірге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана бар. Ондағы станцияның қуаты 2-3 кВт-тан аспайды, - дейді Секербаев.

- Жоба құны қанша?

- 25 млн доллар. Еуропадан инвесторлар осы жақын арада облысқа келеді. Ал, күзде станция құрылысын, құрал-жабдығын орнату жұмысын бастайды. Біз станцияны үкіметке береміз. Қуат өндіруді 30 кВт-қа дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.