Наурыз мейрамын тойлау күндері Атырауда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Сәтпаев даңғылы мен Молдағұлова көшесінің қиылысынан Сәтпаев даңғылы мен Ерниязов көшесінің қиылысына дейінгі қозғалыстың бір бағыты жабылады.
Барлық автомобильдерге, жолаушылар тасымалдайтын көліктерге орталық көпірден (қаланың еуропалық жағы) түскенде Пушкин көшесінің бойымен Жарбосынов көшесіне дейін, әрі қарай Ерниязов көшесінің қиылысына дейінгі айналма маршрут ұсынылады.
Басқа маршруттар бойынша автомобиль қозғалысы еркін.
Көлік қозғалысын шектеу 21 наурыз күнгі сағат 9.00-ден 22 наурыз күнгі сағат 22.00-ге дейін әрекет етеді.
Негізгі мерекелік той Исатай және Махамбет алаңы маңында өтеді, осыған байланысты жоғарыда аталған бағыттарда уақытша шектеу қойылып отыр.
Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қабылданған жол қауіпсіздігі шараларына түсіністікпен қарауларын өтінеміз!
Атырау қаласы әкімдігі
22 наурыз күні мерекені тойлау кезіндегі көлік қозғалысы
бағытының сызбасы