Атырау, 28 қараша 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Кім тыныш ұйықтайды?

1 482 просмотра

11 наурызда Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында «Үздік салық төлеуші» байқауының қорытындысы жасалды.

Байқау 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Үздіктерді параметрлермен: жылдық жиынтық кірісі, салықтық, әкімшілік айыппұлдар берешектерінің, орындалмаған ескертулердің жоқтығы бойынша анықтады. Шетелдік компаниялардан «Флюор Казахстан Инк.» филиалы үздік салық төлеуші деп танылды. «Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясы бойынша «Сенімді Құрылыс» ЖШС марапатталды. «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясында «Каспий мұнай» АҚ, «Акциздер» номинациясында – «АМӨЗ» ЖШС, «Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асырушы мекеме» - «Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 арнайы мектеп-гимназия» ММ, «Заңды тұлғаларға – ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквамәдениет (балық аулау) өнімдерін өндірушілер және селолық тұтынушылар кооперативіне арналған арнайы салық режимі» бойынша - Амангелді атындағы өндірістік кооперативі марапатталды.

Ал, департамент басшысы Мәди ТӘКИЕВ жеңімпаздарға 21 номинация бойынша дипломдар табыстады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

19 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.