Атырау, 3 мамыр 16:23
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Аудан жаңалықтары

2 237 просмотра

Тасқынға - тосқын

Индер ауданында қардың көбесі әлі сөгіле қойған жоқ, осыған байланысты су басу қаупі бар Жарсуат ауылы мен Құрылыс елді мекенінде қауіпсіздік шаралары алынуда.

Ол үшін штаб құрылып, су соруға арналған 20 мотопомпа дайын тұр. Сондай-ақ, топыраққа толтырылған қапшықтар, жанар-жағармай және басқа да қажетті заттар дайындалуда.

***

 

Алимент төлемеді

Индер ауданында сот орындаушылары алимент төлеуден қашып жүрген әкелердің тізімін жергілікті басылымға жариялады.

Осылайша 36 әкенің аты-жөндері көпшілікке жария болды. Енді олардың тарапынан жасалатын әрекетті күтіп отыр.

***

 

Егістік алаңы кеңейеді

Индер ауданында биыл егістік алаңын 1000-ға жуық гектарға  кеңейту жоспарланып отыр.

Ол үшін 276 гектар жер жыртылып, 88 гектар жер өңделген болатын.

***

 

Жастар ерледі

Мақат аудандық жастар ресурстық орталығының еріктілері кезекті ізгілік шарасын өткізді. 

Олар Мақат поселкесінде тұратын қариялардың үйлерін жинастырып қана қоймай, бірге шахмат, дойбы ойнап, көңілдерін көтерді.

***

 

Қыстақта жарық өшпейді

Құрманғазы ауданына қарасты шалғайдағы қыстақтарда жел генераторларын пайдаланушылар саны артып келеді.

Биыл бюджеттен 15 млн теңге бөлініп, тағы 5 қыстаққа жел генераторы қондырылған.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.