Мемлекеттік «Ақжайық» табиғи резерваты алғаш рет аңшыларды қорық аумағына кіргізу тәжірибесін енгізді.
«Ақжайық» МТР әкімшілігі кеше ғана хабарлама таратты: «“Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” ҚР заңы мен орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бұйрығына сәйкес, «Зарослый» каналының сағасында орналасқан «Приморский» аңшылық учаскесінlе 21 наурыз бен 4 сәуір аралығында аталық жабайы үйректерді әуесқойлықпен аулауға рұқсат етіледі. Жолдама «Ақжайық» МТР кеңсесіне (Владимирский көшесі, 102, №303, 310-шы кабинеттер) алдын ала тіркелу бойынша беріледі. Аңшылық жолдаманың құны 3971,2 теңге, оған бір күн аңшылыққа шыққаны үшін 198,2 теңге қосылады».
Анықталғандай, бұл маусымда резерватта барлығы 50 адам аң аулай алады. Жолдама беру кезінде өз қайығы бар адамдарға артықшылықтар беріледі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ