Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Германияның ірі Lufthansa әуе тасымалдаушысы ұшқыштардың кезекті ереуілінің салдарынан 18 наурызға жоспарланған рейстер бөлігін болдырмай тастады, деп хабарлайды ресейлік БАҚ компания хабарына сілтеме жасай отырып.
Германия Cockpit азаматтық авиация ұшқыштарының кәсіподағы Lufthansa ұшқыштарын көрсетілген датада 00.01-ден 23.59-ға дейін жұмысты тоқтатуға шақырады.
«Бүкіл ел бойынша қысқа және орташа ара қашықтықтағы ұшулар болдырмай тасталады, ереуіл әуекомпанияның еншілес кәсіпорындары – Germanwings және Eurowings рейстерін қозғамайды», - делінген хабарда.
Компанияның Еуропадағы корпоративтік коммуникациялар директоры Мартин Рикеннің бағалауы бойынша, күн сайын орындалатын үш мың ұшудың үштен бір бөлігін қозғауы мүмкін.
Кәсіподақ әуекомпанияның ұшқыштармен арадағы қазіргі тарифтік келісімдерін қайта қарауға, сондай-ақ зейнетке мерзімінен бұрын шығу шарттарын жақсартуға қол жеткізіп көрмек. Бұл Cockpit-ке кіретін ұшқыштардың 2015 жылдағы екінші ереуілі. Былтыр ұшқыштар 10 ереуіл өткізген.
Дереккөз: ҚазТАГ