Атырау, 9 ақпан 12:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Жаяу жүргінші өткеліндегі кісі өлімі

4 134 рет қаралды

16 наурызда Атырауда кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

ІІД анықтау басқармасының аға анықтаушысы Қадырбек ӘБІШЕВТІҢ айтуынша, 16 наурызда сағат 21.25-те Құрманғазы көшесінде «Арна» жанар-жағармай бекетінің жанында Жұмыскер поселкесі жақтан келе жатқан «Хёндай-Акцент» көлігі жаяу жүргінші өткелінде өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кетті. Ол соққы салдарынан қарсы жолақта келе жатқан «Лада» ВАЗ-2114 көлігінің алдыңғы әйнегіне соғылды. Алынған зақым салдарынан 19 жастағы жігіт «жедел жәрдем» көлігінде көз жұмды. «Хёндай-Акцент» жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Абайсызда адам өліміне әкелген жол жүрісі қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 наурыз 2015, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.