Виктор АБАКУМОВ.ІІД-нің үш тергеушісі тарапынан бизнесмен Виктор АБАКУМОВТЫ жеке айыптау бойынша сот процесінің мәртебесіне қатысты қызықты жайттар орын алуда («ІІД тергеушілері бұрынғы жолпол басшысымен соттасуда» мақаласын қараңыз).
Естеріңізге салсақ, бір ай бұрын аяқталған №2 Атырау қалалық сотындағы осы іс бойынша сот отырысы жабық деп жарияланды. 09.02.15 күнгі редакциялық сұранысымызға облыстық соттың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Қамбар НҰРЫШЕВ келесідей жауап берді: «Сотта төрағалық еткен судья Гүлнәр Дәулешова жеке айыптаушылардың пікірін есепке алып, журналист Лаура Сүлейменованың қылмыстық істің қаралу процесіне қатысуға деген өтінішін кері қайтарды, өйткені жеке айыптаушылар сотқа баспасөздің қатысуына өз қарсылықтарын білдірді. Олардың пікірінше, істі қарау кезінде жеке өмірлеріне қатысты мәліметтер айтылуы мүмкін. Бұл туралы судья сол жерде – сот отырысы залында – қаулы қабылдап, оны сот отырысы хаттамасына енгізді».
Осы қаулының заңдылығына күмәнданған В. Абакумов сотта судья Г. Дәулешоваға бұл шешімді негіздеу туралы жазбаша өтініш түсірді және 06.03.15 күні жауабын алды. Ол хатта ІІД тергеушілері Есмұхан ҚАЖКЕНОВ, Арон ЕСЕНАМАНОВ және Руслан МЕҢДАЛИЕВТІҢ В. Абакумовты ҚР ҚК-ның 130-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке талап арыздары бойынша қылмыстық іс «ашық сот отырысында қаралды» (цитата) деп жазылған. Сәйкессіздік пе?
Ал іске келетін болсақ, облыстық соттың апелляциялық алқасы бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Естеріңізге салсақ, №2 қалалық сот Абакумовты жеке айыптау бойынша істі «алдын ала тергеу жүргізу жөніндегі мәселені шешу үшін» Атырау қалалық прокурорына беруге шешім қабылдады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА