ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің сайты Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығымен сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасы тонна үшін 31 536,29 теңгеден бастап 11 033, 91 теңгеге дейін (ҚҚС қоспағанда) төмендетілгендігі туралы хабарлады.
Ақпаратта Комитеттің аумақтық департаменттерінің өңірлерде сұйытылған мұнай газына бағаларды төмендету бойынша жұмыстар жүргізгендігі көрсетілген. Атап айтқанда, көтерме бағаның төмендеуінің арқасында «Атырау облысында бөлшек бағада баллондармен сату («Снабстройсервис» ЖК) кезіндегі баға бір келі үшін 64,84-тен 36,6 теңгеге, яғни, 44 пайызға; көлікке құюға арналған газды («Жайық газ» ЖШС) бөлшек саудамен сату кезіндегі баға бір келі үшін 53,57-ден 36,9 теңгеге дейін, яғни31 пайызға төмендеген».
Біз Досмұхамедұлы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан газ құю бекетіне бардық. Баға көрсеткіші ілінбепті. Оператор сұйытылған газдың бір келісін 41 теңгеден алуға болатынын хабарлады.
Комитеттің аумақтық департаментіндегілер түсіндіргендей, бәрі дұрыс: 41 теңге – автобекеттердегі ҚҚС қосылғандағы сұйытылған газ бағасы осындай екен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ