Атырау, 5 қазан 06:21
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ресейлікті өрттен құтқарды

2 045 просмотра

Фотосуретті Атырау облыстық ТЖД ұсындыФотосуретті Атырау облыстық ТЖД ұсындыАвангардтағы бес қабатты тұрғын үй пәтерінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің пультіне 11 наурыз күні кешкісін келіп түсті.

Көршілердің растауынша, 3-қабаттағы пәтерде адам болған, бірақ оған көмектесу үшін ешкім, тіпті өрт сөндірушілер де ішке кіре алмаған. Сол кезде олар баспалдақтың көмегімен терезе арқылы пәтерге кірген.

Ер адамды бәрі өртеніп жатқан бөлмелердің бірінің еденінде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алды. Оны бірден облыстық аурухананың жансақтау бөліміне орналастырды. Қазір 47 жастағы Астрахан қаласы тұрғынының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Атырау облыстық ТЖД-ның «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» ММ баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 20 минут ішінде өртті жеңіп, оның басқа бөлмелерге өршуіне жол бермеген. №1 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Руслан ҒАЛИЕВТЫҢ, бөлім командирі Руслан БОРАНБАЕВ пен өрт сөндіруші Ерлан ТӨЛЕУІСОВТІҢ кәсіпқойлығының арқасында адам өмірі аман қалды.

Анастасия ПАСТУХОВА

16 наурыз 2015, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.