Атырау, 25 қараша 13:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай қару экспортында 3 орынға шықты

1 657 просмотра

Қытай Германия мен Францияны артқа тастап, АҚШ, Ресейден кейінгі қару экспорттайтын ең ірі үш ел қатарына кірді.

Стокгольмдегі бейбітшілік мәселесін зерттейтін халықаралық институттың (SIPRI) 16 наурызда 2014 жыл қорытындысы бойынша жариялаған "Қарулану, қарусыздану жәе халықаралық қауіпсіздік" деп аталатын есебінде АҚШ-тың 2014 жылы әлемдік қару экспортындағы үлесі 31 пайызды құрағаны айтылады. АҚШ-тан кейін тұрған Ресейдің үлесі - 27 пайыз. Ал Қытайдың әлемдік қару экспортындағы үлесі 5 пайыз болған.

Пекин өткен жылы қару саудасында Германия мен Францияны кәдімкідей ығыстырған. SIPRI дерегінше, Қытай экспорттайтын қару-жарағының 41 пайызын Пәкістан сатып алады. Ресей қаруының көбі Үндістанға экспортталады.

Ресей мен Қытай сияқты емес, АҚШ қару-жарағын көп ел сатып алады. АҚШ экспорттайтын қаруының 9 пайызын Оңтүстік Корея алады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

16 наурыз 2015, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.