Атырау, 28 қараша 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бюджет қысқартылды

1 638 просмотра

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХ сессиясында облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА 2015-2017 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде өңіріміз үшін кейбір трансферттердің қысқартылғанын хабарлады. Облыс бюджетінде тек басталған жобалар ғана сақталған, жаңа жобаларды жүзеге асыру кейінге қалдырылды.

Басталған жобалар бойынша жұмыстарды жалғастыруға 5,2 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, бұлар - селолық елді мекендерді сумен қамтуға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы, Махамбет ауданының Махамбет поселкесіндегі көпірдің, Исатай ауданының Жанбай селосындағы Мәдениет үйінің, Құрманғазы ауданының Ганюшкин – Приморье – Утера – Котяевка – Шортанбай бағытындағы көлік жолдарының құрылысы, Махамбет ауданының Ортақшыл, Алға, Есбол және Ақжайық поселкелеріне кірме жолдар мен поселкеішілік жолдардың құрылысы, Мақат ауданының Доссор поселкесіндегі әкімдік ғимаратын күрделі жөндеу, ауладағы ойын алаңдарының құрылысын жобалау, Мақат ауданындағы туберкулезге қарсы аурухананы күрделі жөндеу, медициналық колледж ғимаратын күрделі жөндеу, қалалық «жедел жәрдем» стансасы үшін көліктер сатып алу, облыстан тысқары жердегі науқастарды емдеу ақысы және олардың көлік шығындарын өтеу, шағын және орта бизнесті қолдау.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 наурыз 2015, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.