Атырау, 25 қараша 13:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияда Сирияға бара жатқан ұлыбританиялықтар ұсталды

1 412 просмотра

Лондон әуежайында бақылау камерасына түскен Сирияға бет алған оқушы үш қыз. 22 ақпан 205 жыл. Лондон әуежайында бақылау камерасына түскен Сирияға бет алған оқушы үш қыз. 22 ақпан 205 жыл. Ұлыбритания полициясының хабарлауынша, Түркияда Сирияға бет алған үш жасөспірім ұсталды. Олардың екеуінің жасы 17-де, біреуі 19-да. 

Ұлыбритания құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, 13 наурызда терроризммен күрес бөлімі Сирияға баруға ниеттенген үш жасөcпірімнің жоғалғанынан хабардар болған. Бұл ақпараттан құлақтанған Түркия билігі жасөспірімдерді ұстаған.

Сирияға "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылу үшін Ұлыбритания мен басқа да еуропалық елдердің біраз азаматы кеткен. Олардың арасында өткен айда Лондоннан кеткен ұлыбританиялық мектеп жасындағы үш оқушы қыз да бар.

Дереккөз: Азаттық радиосы

16 наурыз 2015, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.