Атырау, 28 қараша 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Куәлік жаңарды

7 185 просмотра

10 наурыздан бастап ІІД әкімшілік полициясы басқармасында жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі беріле бастады. Бұрынғы үлгіден айырмашылығы - оның дизайны анағұрлым тартымды және санат тізімі ауқымды.
Куәліктің беткі жағында чип пен фотосуреттердің орындары ауысқан. Бұрынғы ақпаратқа - аты-жөні, азаматтығы, берілген уақыты, жарамдылық мерзімі, берілген жері мен құжаттың нөміріне куәлік иесінің ЖИН-і қосылған. Ал келесі жағында 7 санат (A, B, С, D, BE, СE, DE) және 6 кіші санат (А1, B1, С1, D1, С1E, D1E) көрсетілген.  
Квадроциклдерге (В1 кіші санат), скутерлерге және мопедтерге (А1 кіші санат) мініп алып, желмен жарысқанды ұнататындарды да жаңа куәлік алуға міндеттейді. Оған қоса кейбір бұрынғы санаттарға шек қойылған. Мәселен, бұрын С санатындағы жүргізуші куәлігі ГАЗ, МАЗ көліктерін жүргізуге құқық берген болса, енді 7,5 мың келіге дейінгі салмақтағы көлік құралдары С1 кіші санатына жатқызылған. Алайда бұл жүргізушілер куәліктерін шұғыл арада ауыстыруға міндетті деген сөз емес.
– 1996 жылдан бастап берілген А, В, С, Д, Е санатындағы куәлікті мерзімі өткен немесе өз еркімен ауыстырған кезде біз автоматты түрде жаңа куәлікке тиісті кіші санаттарды енгіземіз.  Егер куәліктің қолданыс мерзімі бітпеген болса, емтихан тапсырмайды, - дейді ІІД ӘПБ аға инспекторы Жұбайдолла ДӘУЕШЕВ.
Тиісті өзгерістер автомектептерде жүргізушілерді даярлауға қатысты да енгізілген. Нұсқаушылар скутер мен мопедтерді жүргізуді оқытатын болады. Көліктің осы түрлерін куәліксіз жүргізу енді ереже бұзу болып cаналады. Мопедтер мен скутерлерге куәлікті 16 жастан бастап алуға болады.
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі мен қажетті құжаттар тізмі бұрынғыша қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 наурыз 2015, 23:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.