Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Беларусия сауда нысандарында 2015 жылғы 1 шілдеден бастап темекі өнімдерін дүкен витриналарына қоюға тыйым салады, деп хабарлады БЕЛТА.
«Темекі өнімдері туралы ақпараттарды сауда нысандары мен басқа қоғамдық тамақтанатын нысандарда тек бағасы мен темекі түрлері көрсетілген тізім түрінде ғана орналастыруға болады. Біз темекі тартатындардың құқықтарын шектемейміз», - деп айтқан сауда министрінің орынбасары Ирина Наркевичтің сөзін агенттік келтіреді.
Сондай-ақ, оның айутынша, шегілмейтін темекі бұйымдарының да айналымына және өндірісіне тыйым салынады. Беларусияда темекі өнімдерін жарнамалауға толығымен тыйым салынған.
Дереккөз: ҚазТАГ