Привокзальынй ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласында 3 наурызда белгісіз біреу 60 жастағы ер адамның құны 25 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған. Кісі тонады деп күдіктелген тұлға ұсталды, ол ықшамауданның 35 жастағы тұрғыны болып шықты.
***
Наурыздың 5-іне қараған түні белгісіз біреу Амандосов көшесінің бойындағы асхана ғимаратына түскісі келіп, терезе жақтауын сындырған. Зиян 30 мың теңгені құрады. Қылмыс ашылған жоқ.
***
Құлсары қаласында 5 наурызда полиция 20 жастағы жас жігітті ұстады. Ол адамның шалбарының қалтасынан 0,28 грамм марихуана салынған папирос табылды. Тексеру жүргізілуде.
***
Құлсары қаласында 5 наурызда сағат 17.00-де жеке үйлердің бірінің құдығын тінту кезінде нөмірі өшірілген 16-шы калибрлі шолақ мылтық табылды, сараптама тағайындалды.
***
Қызылқоға ауданының Миялы поселкесінен 60 шақырым жерде орналасқан Қорайлы деген жерде 4 наурызда зорлық-зомбылық белгілері жоқ 55 жастағы қойшының мүрдесі табылды. Сараптама тағайындалды.
***
Ақпанның 23-іне қараған түні Құрманғазы ауданының Аккөл ауылындағы үйлердің бірінде қосымшасымен бірге «Отау-ТВ» спутниктік антеннасы ұрланды. Ұрланған мүлік зардап шегушінің 29 жастағы ауылдасының үйінен табылды.
***
Қызылқоға ауданында Сағыз поселкесінің 33 жастағы екі тұрғыны арызданушының үйінің ауласындағы 17 шпалды ұрлады деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
***
Исатай ауданының тұрғыны полицияға шағымданды: оның жерлесі өрістен екі сиырды ұрлап айдап әкетіп, қайтармай отыр екен. Зиян 600 мың теңгеге бағаланды. Тексеру жүргізілуде.
***
Наурыздың 9-ында таңертең су полициясы Баймұханов көшесінің бойында «Фольксваген-Шаран» көлігін тоқтатты. Авто салонынан 291 келі сазан табылды. балық 22 жастағы Махамбет ауданының тұрғынына тиесілі.
В Атырау +4