Атырау, 25 желтоқсан 17:54
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Байжанов әр матчта гол соғады

2 474 рет қаралды

Бүгін, 11 наурызда «Судоремонтник» стадионында «Атырау» мен «Тараз» командаларының арасында футболдан ел чемпионатының 2-турының матчы өтті. Қожайындар 2:1 есебімен жеңді.

Алғашқы боп меймандар доп соқты. 11-ші минутта Йован ГОЛИЧ ерекшеленді. 33-минутта қожайындардың шабуылшысы Милош ТРИФУНОВИЧ есепті теңестірді. Матчтың соңғы минутында шешуші сәт туды: «Атырау» командасына Мақсат БАЙЖАНОВ жеңіс әкелді. Айта кету керек, бұл оның екі ойындағы екінші голы болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 наурыз 2015, 19:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.