Атырау, 5 қазан 06:21
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Кері тергеуді талап етеміз»

1 873 просмотра

Өткен жылғы 11 наурызда қаржы полициясы ұстап, кейін салынып жатқан құрылыс ішінде өлі денесі табылған Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННІҢ ата-анасы Атырауға келді. Олар кері жүргізіліп жатқан тергеудің әрі қарай жалғасын тапқанын талап етеді.

Қайтыс болған полицияның анасы Қамираш ТЕМІРБОЛАТОВАНЫҢ айтуынша, ол прокуратура өкілдерімен бірнеше рет кездескісі келген, алайда еш сәті болмады. Ол қадағалаушы орган қызметкерлері әр түрлі сылтау айтып, Құбайдуллиннің ата-анасымен кездесуден қашып жүр деп есептейді.

- Істі кері қарау жөніндегі сот шешімі бірнеше ай бұрын шықты, алайда ешқандай шара қолданылған жоқ. Біздің білуімізше, тіпті, осы іспен айналысуы керек тергеуші де тағайындалмаған. Бұл бізді шатастыру үшін жасалып жатыр деп ойлаймын. Біз бас прокуратураға, мәжіліс депутатына жүгіндік, барлық жерден «тергеу жүріп жатыр» деген бір жауап алып отырмыз. Ешқандай іс жүріп жатқан жоқ! Мен жалғыз ұлымның өліміне кінәлі қаржы полициясы басшылығы мен қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етемін, -дейді Қамираш Темірболатова.

Естеріңізге салсақ, осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 102-бабы («Өзі-өзіне қол жұмсауға жеткізу») және 346-бап 1-тармағы («Заңсыз ұстау») бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратурадан ресми түсінік ала алмадық. Облыстық прокуратураның ресми өкілі Асылан НҰРҒАЛИЕВ осы тергеуге жауапты басқарманың басшылары іссапарда жүргенін мәлімдеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.