Атырау, 25 наурыз 04:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

АҚШ-та тікұшақ құлап, 11 сарбаз із-түзсіз жоғалып кетті

2 533 рет қаралды

АҚШ армиясының 7 теңіз әскері мен 4 құрлық жауынгері Флоридадағы әскери тік ұшағының апаты кезінде із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Оқиға түнде АҚШ-тың Эглин базасына жақын маңда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Тік ұшақпен байланыс сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да үзілген.

Әскери базаның өкілі Энди Бурланданың (Andy Bourland) айтуынша, араға 5 сағат салып, тік ұшақтың қираған бөліктері табылған. Алайда, тік ұшақ бортындағы әскерилер жайлы мәлімет жоқ.

Мамандар оқиғаның неден болғанын анықтап жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

11 наурыз 2015, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.