Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Таксишіге жасалған түнгі шабуыл (бейне жазба және көзкөргеннің әңгімесі)

7 854 рет қаралды

Бейнежазба скриншоты. Youtube.comБейнежазба скриншоты. Youtube.com

Әлеуметтік желілерде атыраулық таксишіге түнде жасалған шабуыл туралы бейне жазба пайда болды. Жазбада қарлы далада қуғын, қансыраған жүргізуші және оған шабуыл жасаған қылмыскер көрсетілген.

Біз бейне жазбаның авторы Әнуарбек атты жігітпен байланысқа шықтық. Ол былай деп әңгімелеп берді:

- 9 наурызға қараған түні ағамыз екеуміз ата-анамыздың үйіне келе жатыр едік. Элеваторный көшесімен жүріп келеміз. Кенет жол бойында машинамыздың алдына ер адам атып шықты. Алдымен басымызға келгені өзі-өзіне қол жұмсағысы келген адам немесе жорта ЖКО жасап, ақша тапқысы келген адам болар деген ой келді. Біз тоқтадық, ал ер адам көмекке шақыра бастады. Жақындап келіп қарап, оның қансырағанын, кішкене әріректе жол жиегіне шығып қалған автокөлікті көрдік. Сол кезде сол көліктен екі адам шыға келіп, қаша жөнелді. Көп ойланбастан, арттарынан қуып кеттік. Біреуін ұстадық, біреуі қашып кетті. Оқиға орнына полейцейлерді шақырып, ұстаған адамымызды тапсырдық. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін келгенше жаралы жігіт жолда қол көтеріп тұрған екі жігітті жеткізіп тастайын деп ала кеткенін айтты. Салон ішінде олар мұны пышақпен ұра бастаған. Бұл қарсыласып, арпалыс кезінде көлік жол жиегінен шығып кеткен. Таксишінің ажалы жоқ екен деп ойлаймын. Біз кездеспегенде, жігіт үйіне жете алмай қалатын ба еді...

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқиғаның орын алғаны рас екен.

- Бұл наурыз айының 8-інен 9-ына қараған түні Элеваторный көшесінде сағат түнгі бірлер шамасында болған. Екі ер адам басбұзарлықпен өздерін алып келе жатқан «Опель» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісіне өткір затпен дене жарақатын салған, - дейді ол.– Шабуыл жасағандардың біреуі ұсталды. Ол 1979 ж.т. Құрманғазы ауданының тұрғыны екен, екіншісі іздестірілуде. Осы факт бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Тамара СУХОМЛИНОВА

 

Абай болыңыз! Әдепсіз сөздер бар (+18)

 

11 наурыз 2015, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.