Атырау, 28 қараша 07:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Вакцинадан көз жұмған жоқ»

2 014 просмотра

Көрнекі суретКөрнекі сурет

Өткен мереке күндері редакцияға Қызылқоға ауданында 16 жастағы қыз қызылша екпесінен кейін қайтыс болды деген ақпарат түсті.

Қызылқоға орталық аудандық ауруханасы (ОАА) бас дәрігерінің орынбасары Жәниба АҚЖАМАЛОВА қыздың кенеттен қайтыс болғандығын растады:

- 20 минут ішінде ажал құшты, бірақ оған екпе салынған жоқ. Қыз тұратын Қарабау ауылын вакциналауға кезек жеткенше науқан тоқтатылған еді.

Кейінірек ОАА бас дәрігері Самат ТАЙШЫБАЙ қыздың анықталмаған себептерден қайтыс болғанын хабарлады:

- Бәлкім, жүрек ұстамасы немесе бас миы тамырының кеңеюі орын алған шығар. Қыздың туыстары үйлеріне келген аудан әкімінің орынбасары мен АІІБ бастығы қолқалағанмен, қыздың мүрдесін союдан үзілді-кесілді бас тартты.

Медиктердің айтуынша, бір жасқа дейін шетінеген сәбилердің мүрделері міндетті түрде союға тиесілі. Одан үлкен балаларды тек туыстарының рұқсатымен ғана сояды.

Бұл қызға екпе салынған жоқ, оның өлімі вакциналаумен байланысты емес, - деп растады облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА. – Облыс бойынша қызылшаға қарсы 16 194 жасөспірімге екпе салынды, оның 24-інде вакцинадан кейінгі реакция байқалды. Бұл 1 пайыздан аз, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормалары 10-15 пайызға дейінгі реакция жиілігіне рұқсат етіледі. Олар түрлі болады: біреуінде әлсіздік, бас айналу, екіншісінде есекжем түріндегі аллергиялық реакция байқалады. Балалардың вакцинаға реакциясы екпеден кейінгі 5-6-күнде және 10-12-ші күнде байқалады. Құдайға шүкір, 3 наурызда соңғы мерзім өтті, сыни салдары болмады. Вакцинаның өзіне келер болақ, оны әлемнің 50-ге дейін елі қолданады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

11 наурыз 2015, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.