Атырау, 28 қараша 08:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Айқас даласы сотқа көшті

2 793 просмотра

Қалалық әкімдік Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап, редакциямызға Нұрсая-3 ықшамауданында жеке тұрғын үй құрылысын салуға тыйым салынғаны туралы хабарлады («Ұрыс алаңы - әуежай маңындағы жер» мақаласын қараңыз).

Біздің жіберген сұранысымызға берген жауабында қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН 2011 және 2012 жылдарда осы аумақтан кезекте тұрған адамдарға ресми түрде жеке үй салу үшін жер телімдері берілгенін растады. Алайда тек бірнеше жылдан кейін ғана бұл аумақ әуежайдың күзет аймағында екені анықталды. Ал 2011 жылғы мамырда үкімет бекіткен «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп тудыруы мүмкін қызметтерді жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына» сәйкес, осы жерден тұрғын үй нысандарын салу үшін Азаматтық авиация комитетінің рұқсатын алу керек. Бір қызығы, бұл Қағидалар туралы тек әкімдік пен оған бағынышты Атырау қалалық сәулет және құрылыс бөлімі ғана емес, осы жылдар бойы жанында құрылыс жүріп жатқан әуежайдың өзі де білмеген екен.

Міне, осылай: бұрын құрылыстар ешкімге кедергі келтірмеді және ұшу үшін ешқандай қауіп төндірген жоқ, ал кейін бәрі күрт өзгеріп, үлкен қауіптілік пайда болды! 2014 жылы бәрінің көзін ашқан Көлік прокуратурасы ма? Әуежайдың ұшып-қону жолағында тұрған құбыжықтың «Көзімді ашыңдар!» деп ақырып тұрғаны көз алдыма келгендей.

Жүздеген отбасының көз жасына кім назар аударар екен?

« «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-тың қорытындысы тек ұсыныстық сипатта («...құрылыс салуға кеңес бермейміз...») болғандықтан және ақырғы қорытынды шығармағандықтан, әкімдік 2014 жылғы желтоқсанда Азаматтық авиация комитетіне Нұрсая-3 ықшамауданына жеке үйлер салуға рұқсат алу үшін өтінім жіберді, - деп жазады Зайдуллин.– Алайда Комитет өз қорытындысымен өтінімді қанағаттандырмады және осы аталған ауданда тұрғын үй салуға тыйым салынды. Қазіргі уақытта жер қатынастары бөлімі заңнама талаптарына сәйкес хабарлама жіберуді бастады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты жер телімдерін алған барлық азаматтарға Атырау қаласының басқа аудандарынан осындай тең бағалы жер телімдері берілетін болады. Жер телімдерін игеруге кеткен шығындары өтеу сот тәртібімен шешіледі».

Құрылыс салушылардың айтуынша, оларға қазірдің өзінде бейресми түрде жер ауыстыру нұсқалары ұсынылған, алайда «қаланың басқа аудандарынан» емес, алыс шет жақтарынан жер бермекші. Тең бағалы екенін анықтау қиын іс болып тұр, шығыны мол іс деуге де болады, өйткені олар бұл контекстегі «тең бағалы» ұғымын түсіндіру және айқындау үшін тәжірибелі (әрине ақылы) заңгерлерге жүгінбекші. Бірақ бәрібір шегінер жер жоқ, әкімдік кеткен шығындарды өтеу мәселесімен айналыспайтынын анық айтып, барлығын сотқа жіберіп отыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

11 наурыз 2015, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.