Атырау, 25 қараша 13:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Еуропадағы қарулану келісімінен шығады

1 193 просмотра

Ресей 11 наурыздан бастап Еуропадағы қарулы күштер туралы келісімнің бірлескен консультативтік тобына қатысуын тоқтататынын хабарлады.

Бұл жайында Ресей сыртқы істер министрлігі сайтында Венада өтіп жатқан әскери қауіпсіздік және қарулануды бақылауға қатысты келіссөздегі Ресей делегациясын басқаратын Александр Мазур жариялады.

Мазурдың мәлімдеуінше, Ресейдің консультативтік топқа қатысуының "саяси және тәжірибелік тұрғыдан алғанда мәні жоқ әрі қаржы-экономикалық жағынан алғанда шығыны көп".

Мәлімдемеде Ресей НАТО шекарасының кеңеюі жоспарына байланысты Еуропадағы қарулы күштер туралы келісімге қатысуын 2007 жылы-ақ тоқтатқаны айтылады. Ресей НАТО шекарасының кеңеюі аталған келісімді орындауға кедергі келтіреді дейді. Министрлік мәлімдемесінде Ресей 2007 жылы бірелскен консультативтік топ жұмысына қатысуды тоқтатқандықтан Еуропадағы қарулы күштер туралы келісім де әрекетін тоқтатқан болып саналады.

Мазурдың сөзінше, бірлескен консультативтік топ құрамынан шығу Ресейдің Еуропадағы қарулануды бақылауға қатысты диалогтан мүлдем бас тартқанын білдірмейді. Ол Мәскеу "серіктестері келісімге дайын болғанда ғана" диалогқа қосылатынын айтады.

Александр Мазур бұдан ары Ресейдің бірлескен консультативтік топтағы мүддесін Беларусь қорғайды дейді.

Дереккөз: azattyq.org

11 наурыз 2015, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.