«Ақ Жайық» газетінің сайтында жарнама құқығы негізінде «Тенгизинтернефтегазстрой»ЖШС өкілі С.Отаровтың «Тенгизинтернефтегазстрой» ЖШС-нің «Каспиан Салфа Компани» ЖШС-не қарсы берілген 1 075 839 009 теңге мөлшеріндегі дивиденд сомасын және 10 000 000 теңге сомада моралдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс жөніндегі мақаласы («Доғаратын кез келді» - Ред.) жарық көрді.
Шынымен де, Атырау облыстық экономикалық сотының 2015 жылғы 25 ақпандағы шешімімен «Тенгизинтернефтегазстрой» ЖШС-нің талап-арызын қанағаттандырудан толықтай бас тартылды.
Сот шешімі тараптарға 2015 жылдың 25 ақпанында жария етілді. Ол әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан заңды күшіне енбеген сот актілері тексеруге жатпайды және ол бойынша өз пікірлерін білдіруге болмайды. Өйткені іс бойынша сот шешімінің нәтижелеріне психологиялық әсер ету ретінде бағаланады.
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 25-бабына сәйкес, азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттiк органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актiлерiндекөзделген жауаптылыққа әкеледі.
Судьялар мен соттар азаматтық істерді оларға бөгде ықпал жасалмайтын жағдайда шешеді. Сөт төрелігін атқару бойынша сот қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және бұл заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Нақты істер бойынша судьялар есеп беруге тиісті емес. Сонымен қатар, шығарылған сот шешімімен келіспеген жағдайда тұлғалардың сот актісіне апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртібімен шағымдануына құқығы бар екенін қаперге береміз.
Бұл істің резонанстық мәні болғандықтан, облыстық соттың баспасөз қызметі оқырмандарға барлық сот инстанцияларындағы іс барысы бойынша мағлұмат бере алады.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі