Атырау, 5 қазан 04:18
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мешіттегі ұры

2 186 просмотра

6 наурызда қаладағы «Құспан молда» мешітінде жұма намазы кезінде белгісіз біреу 27 жастағы мешітке келушінің күртесінің қалтасынан 12 мың теңгені ұрлап кеткен.

Бұдан бір күн бұрын осы мешітте Жұмыскер поселкесінің 45 жастағы тұрғынының күртесінің қалтасынан 2 500 теңге қолды болған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қаладағы криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар ұрлықтар жасады деген күдікпен Балықшы поселкесінің 22 жастағы тұрғынын ұстаған. Оған сонымен қатар ағымдағы жылы 19 ақпанда  «Иманғали» орталық мешітінде бесін намазы кезінде 35 мың теңгені ұрлады деген айып тағылып отыр. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 наурыз 2015, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.