Бүгін Түркияның Конья провинциясында елдің ӘӘК-не тиесілі F-4Е оқу-жаттығу жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Түркияның ҚК бас штабынан хабарлағандай, екі ұшқыш та қаза тапқан, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«5 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:58-де Ескішахар қаласынан ұшып шыққан ұшақ жоспарлы оқу-жаттығуды орындаған. Алайда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:50-де белгісіз себептермен Конья провинциясындағы әскери полигонда апатқа ұшырады. Біздің қос ұшқыш та көз жұмды», -деп мәлім етті бас штабтан.
Әскери билік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін әкімшілік және қылмыстық тексеріс бастады. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.
Өткен аптада, 24 ақпан күні Малатья провинциясында екі F-4 оқу-жаттығу ұшағы құлаған болатын. Бұл ұшақтар да түнгі уақытта жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындаған. Салдарынан төрт ұшқыш мерт болды.
Дереккөз: bnews.kz
5 наурыз 2015, 15:05