Атырау, 21 мамыр 04:13
 ашықВ Атырау +21
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Қылмыстар хроникасы

1 741 просмотра

Қаланың 40 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Ол өзін коммерциялық ұйымның жетекшісімін деп таныстырып, азаматтардан үлкен пайыздарға ақша алып, қайтармаған. Полицияға 5 арыз түсті, аңқау қала тұрғындары шеккен зиян -360 мыңнан 2 млн теңгеге дейін. Күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Полицияға Тасқала ауылының тұрғыны хабарласты: 56 жастағы қала тұрғыны бір жылдан бері «қарызға» алған 2 мың дана ракушеблокты қайтармай отыр екен. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Су полициясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағасында, Зарослый каналының маңындағы қамыс арасынан браконьерлер тастап кеткен мотоциклді тауып алды. Мотоциклден 2 ау құралы, сүймен, мұз оятын бұрғы мен 12 келі сазан табылды.

***

 

Ақпанның 26-сына қараған түні Нұрсая ықшамауданындағы көппәтерлі үйлердің бірінің ауласында тұрған «Тойота-Хайлюкс» көлігінің барлық 4 дөңгелегі қолды болды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қала тұрғыны полицияға қала маңында тұратын сіңлісінің әпкесінің сақтауға қалдырған көлігінен 60 мың ресейлік рубль мен 5 мың теңгені иемденіп алғанына шағымданды. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Ақпанның 26-да ертемен ІІД мен Құрманғазы аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің біріккен рейді барысында Атырау-Астрахан тас жолында РФ азаматы жүргізіп келе жатқан «Газель» көлігі тоқтатылды. Жүк көлігінің шанағынан құжаттарсыз бір тонна сазан табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Полицияға 22 жастағы қала тұрғыны шағымданды: №12 маршрут автобусында оның қалтасынан 12 мың теңгені суырып алыпты. «Батыс» полиция жасағы ізін суытпай қаскөйлерді ұстап алды. Олар Ақжар поселкесінің 19 жастағы тұрғыны мен Привокзальный ауданының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Олар мойындау жауабын беріп, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Полицияға СМП-163 ықшамауданының тұрғыны шағымданды: 27 ақпанға қараған түні оның бұрынғы күйеуі қонған екен, ал таңертең сандықтан 90 мың теңгесі жоғалып кеткен. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Наурыздың 2-де ертемен Азаттық даңғылы бойындағы кафе жанында 26 жастағы ер адам 22 жастағы қызды ұрып соққан. Қыз полиция шақырып,  бұзақы ұсталды.

***

 

Полицияға Авангард 2-ші ықшамауданның 50 жастағы тұрғыны шағымданды: 2 наурызда тал түсте оның ұлы пәтерден анасына тиесілі алтын әшекейлерді алып кеткен. Зиян 100 мың теңгені құрады. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Теміржол вокзалының маңында 3 наурыз күні су полициясының қызметкерлері «Лада» ВАЗ-21099 көлігін тоқтатты. Салоннан жалпы салмағы 224 келі сазан салынған 4 сөмке табылды. Балық 42 жастағы жолаушыға тиесілі екен. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Полицияға қала тұрғыны хабарласты. 3 наурызда күндіз ол Датов көшесінің бойындағы көлік жуатын орынға барған. Кенеттен бокстың қақпасы айқара ашылып, өзіне тиесілі «Шевроле-Круз» көлігінің бамперін сындырған. Зиян 50 мың теңгеге бағаланды.

***

 

Наурыздың 3-де ертемен полиция патрулі Балықшы поселкесіндегі кафелердің бірінің жанынан төбелесіп жатқан жігіттер тобын байқаған. Оларды айырмақ болған бір полицей дене жарақатын алған. Көмек шақырған полицейлер 4 жас жігітті ұстады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

5 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.