Атырау, 5 қазан 04:24
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Аудан жаңалықтары

2 149 просмотра

Күн сәулелі станция

Жылыой ауданында қуаты 10 мВт болатын күн сәулесінен энергия өндіретін станция салынбақшы.

Мердігер - «Экопроект-Құлсары» ЖШС.Инновациялық жобаны іске асыруға 10 млн доллар көлемінде инвестиция тартылмақ. Бүгінде Жылыой аудандық әкімдігінен станция құрылысын жүргізу үшін арнайы жер телімі де бөлінген.

***

 

Су ысырап болмас үшін

Жем бойына келетін табиғи суды тиімді пайдалану үшін Құржем және Бақашы бөгеттеріне гидротехникалық құрылғылар (шлюздер) салу жұмыстары қолға алынбақ.

Сондай-ақ, Құрсай каналын тазартып, тереңдете қазу жұмыстары жүргізіледі. Қазір бұл жұмыстардың жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр. 

***

 

Өнерге деген ықылас

Қызылқоға ауданындағы «Арман» мәдениет үйінде Миялы, Сағыз, Жанкелдин, Ойыл округтерінен келген мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Онда түрлі кәдесыйлар, мата мен мақтадан жасалған бұйымдар қойылды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.