Грекия үкіметі ауыр экономикалық жағдайдағы азаматтарды қолдауға 200 млн еуро бөлмек. Бұл қатаң экономика шараларынан туындаған «елдегі гуманитарлық дағдарыспен күреске» бағытталған жаңа министрлер кабинетінің сейсенбі күні кешке парламентке енгізілген алғашқы заң жобасы.
Үнемдеу саясаты елдің ІЖӨ-сінің төрттен бірге қысқаруына, жүзедеген мың дүкеннің, шағын және орта кәсіпорындардың жабылуына әкелді. Ал жұмыссыздар саны 1,5 млн адамға жетті.
«Аталмыш заң жобасы мұқтаж адамдарды ең қажетті тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз ету шараларының көмегімен гуманитарлық дағдарысты жоюға бағытталған», - делінген құжатта.
Дереккөз: bnews.kz
4 наурыз 2015, 10:07
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.