Атырау, 28 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бірліктегі көпір бұзылуда

2 311 просмотра

Қала сыртындағы Бірлік ауылы маңындағы темір жол үстімен өтетін көпірді су шайып кету қаупі бар.

Көпірдің оң жағында («Бипек Авто» жағы) су жол жиегі мен тас жолдың шебін қабатын шайып кеткен. Үлкен шұңқыр пайда болып, көше жарығы соқасының түбі босап, кабельдеріне ғана ілініп тұр. Қасында орналасқан тағы бір шұңқырда көше бейне қадағалауын басқару пультіне ұқсас соқаға қағылған жәшік жатыр. Бұл жерде жолдың биіктігі 5 метрге жуық. Кездейсоқ оңға бұрған жүргізушіні ажал күтіп тұрғаны анық.

Дегенмен, бұл мәселе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Өмірбек КАМАЛОВҚА белгілі екен. Ол өткен жылы бұл шұңқырларды өзі зерттеген екен. Қауіп неге жойыламады? Оның айтуынша, өткен жылы осы учаскеге қаржы бөлінбеген. Үстіміздегі жылы бюджеттік қағидалар өзгерді. Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы жүргізетін тендерде облыс көпірлеріне қызмет көрсететін бір мердігер анықталады. Күтіңдер деп бұйрық берілді... Бірліктегі көпірден сақ болыңыздар!

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

27 ақпан 2015, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.