Лондонның ICE сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,18 пайызға өсіп, барреліне 60,91 долларға дейін қымбаттады, деп хабарлайды Lenta.ru.
Ақпан айынан бері Brent мұнайы 15 пайызға қымбаттаған. Ал америкалық WTI мұнайының бағасы 4 пайызға арзандап, 49 долларды құрады.
Ай басталғалы бері WTI бағасы 1,7 пайызға көтерілген. Осылайша, осы екі сорттың арасындағы айырмашылық шамамен 12 долларға жетіп отыр. Бұл соңғы жылдағы ең үлкен көрсеткіш.
Дереккөз: bnews.kz