Атырау, 25 қараша 12:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

200 мыңнан астам адам зейнетақысыз қалуы мүмкін

1 676 просмотра

РФ-да еңбек министрлігі әзірлеген 1 млн. рубльден жоғары жылдық табысы бар, жұмыс істейтін зейнеткерлерге төлемді тоқтатуды көздейтін заң жобасының талаптарына 220 мыңға жуық адам ілігуі мүмкін. Бұл туралы министрлік дерекөзіне сілтеме жасап, «Интерфакс» хабарлады.

 «Жалпы соманы есептеу РФ Зейнетақы қорының өкімінде бар, ол сақтандырушылар мен сақтандырылған тұлғалар берген мәліметтер негізінде жүргізіледі», - деп хабарлады сұхбат беруші.

Министрліктің бағалауынша, Ресейде жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 2016 жылы - 14 миллион 210 мың, 2017 жылы - 14 миллион 320 мың, 2018 жылы - 14,2 миллион адам болмақ.

Жылдық табысының мөлшері зейнетақы алуын тоқтатуға соқтыратын зейнеткерлердің саны 1,5 пайызды - 220 мыңға жуық адамды қамтиды.

 Бұдан бұрын 1 млн руб бастап, одан жоғары орташа жылдық табысы бар жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлеу 2016-2017 жж. шектелуі мүмкін екенін еңбек министрі Максим Топилин хабарлаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат  

27 ақпан 2015, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.